Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды
Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды
Фото: sputnik.kz
291
оқылды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа сәйкес, әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталды:

 

І дәрежелі «Айбын» орденімен:  

Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм)    –   Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі   командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы  
Заикин Сергей Владимирович (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы  
Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм)  –   Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;  
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы  
Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы  
Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері  
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм)  – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
 
  1. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.