«вДудь» шығармашылық тобы, алдымен, Ақтау қаласы мен Каспий жағалауында түсірілім жасайды. Құм не тас емес, бақалшықты жағажайды алғаш көрген жүргізуші жалаң аяқ әрлі-берлі жүріп, демалып қалғанын айтады.
[caption id="attachment_161175" align="alignnone" width="1200"] вДудь Каспийдегі бақалшықты жағажайға разы болып қайтты.[/caption]
Осыдан кейін олар шұбаттың дәмін татады. Жергілікті тұрғындардан сұрастырып, шұбатты дүкеннен емес, қолдан дайындайтын қожалықтардың бірінен алдыртқанын айтады. Сөйтіп, түйе сүтінен дайындалған сусынды алғаш рет ішіп көріп:
"Қазақстандағы ұлттық сусын қымыз ғана емес, осындай, міне, шұбат та бар, дәмі айранға ұқсайды", — деп топшылайды өз ойын Юрий Дудь.