Қарағандыда адам сүйегі табылды
Қарағандыда адам сүйегі табылды
© ШҚО ПД
386
оқылды
Қарағандыда адам сүйегі табылды. Жеке басы анықталған жоқ, – деп хабарлады  «Патриот» Telegram-каналы.
«Адамның сүйегі табылды.  Оның жеке басын анықтайтын сараптама тағйындалды. Қасынан із-түзсіз жоғалған адамның құжаты табылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сарапшылар оның адам қолынан қаза тапқанын анықтаса, іздеу ісі "Адам өлтіру" бабына ауыстырылады. Сүйектің қасынан жоғалып кеткен 27 жастағы Қасымхан Жұмашевтің құжаттары табылды. Жігіт 26 тамызда жоғалып кеткен. Туыстарына досының үйінде болатынын айтқан. Алайда досына бармаған. Телефоны сөндірілген. Қасымхан кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген.