Ақмола облысында өз анасын тонаған тұрғын ұсталды
Ақмола облысында өз анасын тонаған тұрғын ұсталды
117
оқылды
Степногорск қаласының тұрғыны анасының гаражынан 18 қап картоп ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ресми мәліметке сәйкес, 8 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына 30 жастағы әйел арызданып, анасының гаражынан 18 қап картоп ұрланғанын айтты.
"Шұғыл іздестіру шаралары барысында тергеушілер 35 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол арыз түсірген келіншектің ағасы болып шықты. Бұған дейін ұрлық үшін жауапқа тартылған", – дейді полицейлер.
Күдікті анасының гаражында жатқан картопты таксимен алып шыққан. Кейін кәсіпкер әйелге сатып жіберді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр.