Түркістан облысында сайлауалды бағдарлама жүзеге асып жатыр
Түркістан облысында сайлауалды бағдарлама жүзеге асып жатыр
260
оқылды

Түркістан облысында «Nur Otan» пар­тиясының сайлауалды бағдар­ла­масын орындау жөніндегі Жол кар­тасының жүзеге асырылу бары­сы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте тал­қыланды. Онда Жол картасы ая­сын­да аталған облыста жыл басы­нан бері 363,5 мың шаршы метр тұр­ғын үй берілгені, 10 541 адам тұрақ­ты жұмыспен қамтылғаны, 13 кә­сіпорын ашылып, 1 665 адам жұ­мысқа орналасқаны, 7 жаңа мектеп пай­далануға берілгені айтылды.

Жол картасының орындалуы бойынша «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Бейсен Тәжібаевтың баяндамасы тың­далды. Оның сөзінше, сайлауалды бағ­дарламаның орындалуы партия филиа­лы­ның қатаң бақылауына алынып, тұрақ­ты түрде зерделеу жұмысы жүріп жатыр. 2021 жылы облыстық Жол картасы бойын­ша 110 индикатор жоспарланса, оның 25-і орындалған. Аудандық, қалалық Жол карталарында жос­парланған 1 418 индикатордың 668-і,  яғни  47 пайызы жүзеге асқан. Осы және өзге деректерге тоқталған баяндамашы сай­лауалды бағдарламаны орындау бары­сындағы қиындықтар мен мәселелерді шолып өтті. Сонымен қатар ол есеп беру ке­зінде «Жол картасы бойынша жылына 2 рет аудан, қала әкімдерінің есептері тың­далса» деген ұсынысын қоса жеткізді. Отырыста Түркістан облыстық Стра­те­гиялық және стратегия және эко­но­ми­калық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбектің баяндамасы тыңдалды. Ол Жол картасы аясындағы жұмыстармен қа­тар «Ауыл – ел бесігі» жобасының жү­зеге асырылу барысын баяндады. 2021 жы­лы 70 ауылдық елді мекенде 302 жобаға 16,1 млрд теңге  бөлінген. Іске асыру жос­парланған жобалар аясында білім, ден­саулық, спорт саласында жаңа нысандар бой көтеріп, аудан, қалаларда инфра­құры­лым жаңарады. Жыл қорытындысымен 280 нысанды пайдалануға тапсыру жос­парланса, бүгінде 95 жобаның жұмысы аяқ­талған. Оның ішінде 91 көше орташа жөн­деуден өтіп, 4 мектепке күрделі жөн­деу жұмысы жасалды. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмір­зақ Шөкеев сайлауалды бағдарлама өңірдің даму тұжырымдамасымен ұшта­сатынын айтты. Жол картасындағы әрбір индикаторды сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде тапсырма беріп, барлық аудан, қала әкімдері мен басшыларға бұл іске жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жол картасын орындау барысындағы өзек­ті мәселелерді жылдам анықтап, жұ­мысты тоқтатпау керегін жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН