Жезқазған өңірінде 2 күндік «Білеуті-2021» тарихи-танымдық экспедициясы аяқталды. Қазақпараттың хабарлауынша, қатысушылар бұрын зерттелмеген петроглифтерді тапқан.
Экспедицияның мақсаты – белгілі бір аймақты зерттеу және жаңа туристік маршрут құру. Айтса айтқандай, қатысушылар, бұрын зерттелмеген петроглифтер мен таудағы жұмбақ әріптерді, көп камералы үңгір мен жезтырнақ тастарын, жартастағы дөңгелек ойықтарды – ежелгі металлургтердің әзірлемелерінің іздерін тапты. Мәлімет бойынша, жаңа тарихи олжалар еш жерде сипатталмаған, оларға отандық көрнекті ғалымдар қызығушылық танытып үлгерді. «Бізде көптеген қызықты және зерттелмеген орын бар. Сондықтан біз Жезқазған археологиялық мұражайымен бірлесіп, Білеуті өзені мен атақты Бұланды шайқасы болған жер арасындағы аумаққа шағын экспедиция ұйымдастыруды ұйғардық. Оның құрамына археологтер, тарихшылар, жолсеріктер, туризм мамандары және тағы басқалары кірді», – деді экспедиция жетекшісі, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының ғылыми қызметкері Кешубай Байділдинов. Білеуті өзенінің маңынан саяхатшылар тау суреттері бар жартастар мен тастарды тапқан. Олар қара тастарға соғылған және жақсы сақталған. Петроглифтердің басқа галереясын ынтагерлер Ақкиік деген жерден сұр-көк тастардан тапты. Сондай-ақ экспедиция мүшелері Малқар үңгіріне барды. «Бір қызығы, кіреберісте түйелердің басына ұқсайтын екі тік тас табылды, олардың мақсаты белгісіз. Үңгірдің өзі биік аркалармен, күрделі өткелдермен қызықты, олардың кейбіреулерін тас басып, үйіп тасаған. Сондай-ақ екі жерден петроглифтер табылды. Экспедициядан кейін мұражайда дөңгелек үстел өткіздік. Мамандар бұл жер әлі зерттелмегенін айтты. Келесі жылы біз зерттеуді жалғастырамыз», – дейді экспедиция жетекшісі. Келесі жылы экспедиция қатысушыларына Қазақстанның басқа мұражайларынан тарихшылар мен археологтер қосылуға дайын.А.АЙДАРҚЫЗЫ