Батыр ескерткіші жаңарды
Батыр ескерткіші жаңарды
496
оқылды

Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің ескерткіші қайта жаңартылды. 1958 жылы қойылған ескерткіш авторлары – Анатолий Билык пен Юрий Гуммель. Монументтің биіктігі – 9 метр. Ескі шойын мүсінді «КазАрт Қазақстан көркемөнер комбинаты» ЖШС қоладан қайта қойды. «Жеміне шүйліккен сұңқарша сұсты» сомдалған ескерткіштің салмағы 2 тоннаға жуық.

Отан үшін жанын пида еткен батыр мүсіні Қазақстанның тари­хи ескерткіштер қатарына енді. Ескерткіштің ашылу салта­натына Қарағанды Суретшілер одағының, тарихи-мәдени мұра­ны сақтау орталығының қыз­меткерлері, қала әкімінің орын­басары Хәлел Әкімжанов, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­кері Рымбала Омарбекова және тағы басқа зиялы қауым өкілдері мен батырдың жиені Әбубәкір Әбдіров қатысты. – Әулетіміз үшін аталған іс-шара өте маңызды. Батыр баба ес­керткіші ел жадында мәңгі сақ­таларына сенеміз. Осы ес­керт­­кіштің қалпына келтіру жұмысы ­бас­­талғалы комиссия мүшелері ма­ған жиі хабарласты. Эскиз­дерді көрсетіп, жұмыс ба­рысын баяндап отырды. «Еңбек­теген баладан, еңкейген қартқа дейін» танитын батыр ескерткіші керемет болып шыққан, – деді отставкадағы полковник Әбубә­кір Әбдіров. Бұған дейін батыр тізгіндеген ұшақтың штурвалының бір бөлігі құлап, Тарихи-мәдени мұраны сақ­тау орталығының қызмет­кер­лері мамандар мен мүсіншілерге жүгінді. Мамандар өз кезегінде ескерткішке тексеру жүргізді. Олар ескерткіштің шойыннан жасалғанын анықтап, тігісін­дегі жарықтарды қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытынды жасады. Осылайша, батыр мүсіні қайта түлейтін болып шешілді. Иә, ескерткіш бәз баяғы бейнесін сақтаған. Алайда жаңа тыныс бе­рер тұсы да жоқ емес. Ол – ма­те­риал тазалығы, бейненің ай­қын­­дығы һәм шынайы сомдалуында. – Өзім осы Қарағанды қала­сында дүниеге келдім. Ескерт­кіш­тің қала мен облыс үшін құн­ды­лығы бар екенінен де ха­бар­дар­мын. Сондықтан біз жұ­мысқа ерек­­ше ықыласпен қара­дық, – деді «КазАрт» қазақ­стан­дық көр­кем­өнер комбинаты ЖШС-нің бас ди­ректоры Сапар Шаймерденов.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы