Компанияның хабарлауынша, оқиға кеше Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте болған.
«Ұшу кезінде салонның экипажы жолаушының науқас екені және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алды. Бортсерік жолаушы отырған орынға жақындағанда жолаушы ес-түссіз болған. Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді», – деді компания өкілі.
Ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырды. Ұшақ Жезқазған қаласына қонған кезде дәрігерлер әйелдің қайтыс болғанын айтты.