Таразда аялдамада тұрған төрт адамды көлік қағып кетті
Таразда аялдамада тұрған төрт адамды көлік қағып кетті
375
оқылды
Тараз қаласында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бағыт алған «Hyundai» маркалы автокөліктің  жүргізушісі аялдамада тұрған төрт адамды  қағып кетті. Салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тапса, екі тұрғын  Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілген. Әлеуметтік желіде тараған видеоға көз салсаң, темір тұлпар тізгіндеген азамат аялдамада тұрған адамдарды басып өткенін байқауға болады. Бір адам көліктің астында қалған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы