Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
© inform.kz
443
оқылды
Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті. Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алады, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.
«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді», — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ЖОО профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды. Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогика жүктемесінің максималды көлемі белгіленді.