Атырау облысында фермерді атып кетті
Атырау облысында фермерді атып кетті
© inbusiness.kz
236
оқылды
Атырау облысында фермерді атып өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлады Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға Исатай ауданында болған.
«Зинеден ауылының екі тұрғыны арасында өзара келіспеушілік болған. Ашуға бой алдырған 42 жастағы тұрғын аңшылық қарудан ауылдасына оқ атқан. 48 жастағы фермер оқиға орнында көз жұмған», — делінген хабарламада.
Қазір ауылдасын атып өлтірген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.