Кіші Талдыкөл суын тереңдету жұмыстары оны сақтауға мүмкіндік береді
Кіші Талдыкөл суын тереңдету жұмыстары оны сақтауға мүмкіндік береді
308
оқылды
Кіші Талдыкөл суының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілмесе, бірер жылдың ішінде құрғап қалуы мүмкін. Себебі мұнда құрғау процесі жүріп жатыр. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков жетекшілік еткен экологиялық кеңесте Кіші Талдыкөлдегі рекреациялық аумақты сақтау және құру мәселесі қаралды, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұрлан Солтамбеков Кіші Талдыкөлді сақтап және суын толтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. Онда су аумағы кемінде 20 гектар болмақ. Осылайша, су түбін тереңдету жұмыстары лай және басқа да зиянды шөгінділерден тазартуға, орташа тереңдікті арттыруға, су балансын сақтауға және т.б. мүмкіндік береді. Айта кету керек, қазір сулы-батпақты нысандағы негізгі иондардың, ауыр металдардың, биогендік заттардың құрамы нормадан бірнеше есе асады.  width= Тиісінше, Кіші Талдыкөлді зиянды заттардан тазарту бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді. Тереңдігі 20 см-ден кем әрі қауіпті, батпақты – Кіші Талдыкөл маңы қалпына келтіріліп, абаттандырылады. Онда әлеуметтік нысандар, яғни тұрғын үйлер, мектептер, медицина орталықтары салынады. Кіші Талдыкөлді қалпына келтіру жұмыстары акватория құра отырып, жағалау салуға мүмкіндік береді: болашақта екі жағалауды жалғайтын көпір салу, қала тұрғындары үшін су көлігін іске қосу, сондай-ақ флора мен фаунасы бар экоклиматты сақтау жоспарланып отыр.  width= Кіші Талдыкөл сулы-батпақты нысаны ағын сулар жиналған орын болғанын, үлкен Талдыкөл суымен табиғи байланысы жоқ әрі жерүсті ағыны мен жерасты сулары арқылы өзара байланыспайтынын атап өткен жөн. Талдыкөлдің (үлкен Талдыкөл) өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Талдыкөл көлінің жанында қорық, орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады. Ал екінші экопарк – Майбалық көлінің маңы (әуежай бағыты бойынша оңтүстік-шығыс жағы) тартымды орындардың бірі болмақ.