"Қазгидромет" РМК 16 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
16 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
16 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с аралығында.
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 16 қыркүйекте найзағай жарқылдауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
16 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында өрт қаупі сақталады.