Мемлекет басшысы Душанбеге келді
Мемлекет басшысы Душанбеге келді
© advantour.com
5,228
оқылды
Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
«Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», – деп жазды Берік Уәли.