Павлодарлық полицейлер Өзбекстанның Ферғана облысында іздеу салынған азаматты ұстады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
- Павлодар қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы ұсталды. Полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасы ІІМ Ферғана облысы ІІБ әріптестеріне қашқынды ұстағаны туралы хабарлады, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Өңірдің жедел қызметкерлері күнделікті тергеу органдарынан, соттан жасырынып жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
- Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде ағымдағы жылдың мамыр айынан бері пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген 43 жастағы іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады. Ер адам тас қалаушы болып жұмыс істеген. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны ұстап, ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды, - деді Балғабай Қапаров.