Он көлікті ұрлап, оны бөлшектеп сатып жіберген қылмыстық топ ұсталды
Он көлікті ұрлап, оны бөлшектеп сатып жіберген қылмыстық топ ұсталды
Фото: yujanka.kz
233
оқылды

Полиция қылмысқа қатысты бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғынын және осыған дейін екі рет сотты болған 25 жастағы ер адамды ұстады.

Ұрыларды ұстамас бұрын полицейлер күдіктілердің әрқайсысының атқаратын қылмыстық әрекетін арнайы операция барысында анықтады. Көлікті бөлшектеп сатуға жауапты адамды ұстады.

Алматы қаласы ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов: «Қылмыстық топ 6 адамнан құралған.  Ең үлкені - 47 жаста, ең жасы – 25-те. Бұлардың барлығы оңай жолмен пайда табуды көздеген. Екі күдікті өздерін базарда қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде таныстырған. Алайда, олардың сауда нүктелерінде тек қана ұрланған көліктің қосалқы бөлшектері ғана саудаланған», – деді.

Тергеу барысында күдіктілердің 10 көлікті ұрлағаны белгілі болды. Көбінесе, ескі BMW, Lada, Nissan, Audi, Volkswagen көліктерін ұрлаған. Үш автокөлік толығымен анықталды. Қалған жеті көліктің қайда жасырылғанын тексеріп жатыр. Ұрылар ұрланған көліктерді көршілес облыстарға апарған. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазақстанда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін Алматыда көлік бөлшектерін сататын базарлар жаппай тексерілген болатын.