15 қыркүйекте, сағат 13:45-те Орал қаласына қарасты Ветелки ауылынан белгісіз әйелдің денесі табылды.
Орманға таяу жерден табылған адамның кім екендігін және өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Mgorod порталының жазуынша, мәйіт табылған жерде өрт болған. Шөп, ағаш және бұталардың өртенгенін байқауға болады. Сондай-ақ, бұл жерге жаяу жету де қиын.
Оқиға орнында қолғап, бинт, мақта сияқты материалдар және өртенген адам шашы да қалған.