Тараздағы аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының қазіргі жағдайы белгілі болды
Тараздағы аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының қазіргі жағдайы белгілі болды
165
оқылды
Таразда аялдамада тұрған 4 адамды қағып кеткен жеңіл көліктің жүргізушісі қалғып кеткен болуы мүмкін, деп хабарлады Хабар 24.
"Жол апаты 7 және 9-ықшамауданның ортасындағы жолда болған. Салдарынан екі әйел қайтыс болып, екеуі жансақтау бөліміне түсті. Тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев.
Қайтыс болған 40 пен 60 жас аралығындағы әйел адамдар. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
"Жағдайы өте ауыр. Оның бес қабырғасы сынған. Миы шайқалған. Төменгі жақ сүйегі сынған. Екі тізесіндегі шеміршектерінің бәрі үзілген. Қазіргі жағдайы өте ауыр", - дейді қалалық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.
Көліктің тізгінінде 23 жастағы жігіт болғаны нақтыланды. Ол полиция келгенде оқиға орнында болған. Болжам бойынша, жүргізуші ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Қазір мән-жайды анықтау үшін сараптама тағайындалған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Таразда жүргізуші аялдамада тұрған төрт адамды қағып кеткені, зардап шеккендердің екеуі оқиға орнында қаза тапқанын жазған болатынбыз.