Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төрт саты жоғарылады
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төрт саты жоғарылады
Фото: olympic.kz
190
оқылды
Халықаралық Футбол федерациясы (ФИФА) Ұлттық құрамалар арасында қыркүйек айының жаңа рейтингін жариялады. Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151.18 ұпай бар. Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1832 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Бразилия (1811 ұпай) мен Англия (1755 ұпай) жайғасқан. ФИФА рейтингісі: 1 (1). Бельгия – 1832; 2 (2). Бразилия – 1811; 3 (4). Англия – 1755; 4 (3). Франция – 1754; 5 (5). Италия – 1735; 6 (6). Аргентина – 1725; 7 (8). Португалия – 1674; 8 (7). Испания – 1673; 9 (9). Мексика – 1666; 10 (11). Дания – 1658; 27 (25). Украина – 1520; 55 (56). Финляндия – 1406; 57 (58). Босния және Герцеговина – 1405; 120 (124). Қазақстан – 1151.