15 жастағы қазақстандық футболшы рекорд орнатты
15 жастағы қазақстандық футболшы рекорд орнатты
"Ақтөбе U-21" командасының футболшысы Аян Байдәулетов 15 жас, 4 ай 10 күнде гол соғып, Қазақстанның екінші лигасында рекорд орнатты, – деп хабарлайды Vesti.kz. Жас футболшы 18-турда "Қыран U-21" командасының қақпасына 87-минутта гол соқты. Шымкентте өткен бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұған дейін Екінші лигада гол соққан футболшы Ислам Әбілқасымов еді. Ол 2019 жылы 15 жас, 5 ай, 5 күнде көзге түскен. Қазір "Ақтөбе U-21" командасы 17 ұпай жинап, Шығыс және Батыс конференциясында 11 орында келеді. Ал көш басында 24 ұпай жинаған "Қыран U-21" командасы тұр.