Түркі әлемінің депутаттары жиналады
Түркі әлемінің депутаттары жиналады
255
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мем­лекеттердің парламенттік ассам­блеясының (ТүркПА) бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады. Кездесу барысында ұйымның ме­рейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Түркітілдес елдер парламент­шілерінің форумы биылғы 27-28 қыркүйекте түркі әлемінің астанасы Түркістанда өтеді. ТүркПА Кеңе­сінің оныншы құрылтайына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғыз Республикасы, Түркия парламент­терінің басшылары қатыспақ. Мәжіліс Төрағасы Парламент өкілдерінің алдағы кездесуін тілге тиек етіп, X пленарлық сессияның маңы­зына тоқталды. Ол депутат­тар­ға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шы­ғарып қана қоймай, сондай-ақ қа­зіргі заманның өзекті мә­се­лелерін және ынтымақта­с­тық­тың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың бас­тамасымен құрылған түркітіл­дес елдердің парламенттік ассамблеясына бүгінде Қазақстан, Әзербайжан, Қырғыз Республикасы мен Түркияның парламент­шілері кіреді. Венгрия 2014 жылы ұйымда бақылаушы мәр­тебесін алды. ТүркПА-ның ме­рейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбек­стан­ның Олий Мажлис заң шығару палатасының спикері бастаған өзбек Пар­ламентінің өкілдері де шақы­рылды.

Елдос СЕНБАЙ