«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасының №93 іс-шарасы, АГРС газ құбырының жұмыстары 98 %-ға аяқталды.
Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырылды. Ең алдымен журналистерді қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков құрылысы жүргізіліп жатқан автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс барысымен таныстырды. Басқарма басшысы Шымкент қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға орнылдалғанын атап өтті. Нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылған. Бүгінде АГРС-3 нысанның газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүргізілуде. АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айының соңына дейн іске қосу жоспарға қойылған. Газ тарату стансасы іске қосылған кезде тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бүгінде 92,2% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады. Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы – АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ. Ал қаланың қажеттілігі 250 000 м3/сағ болып отыр. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Стратегиялық маңызы бар нысан құрылысы мердігер мекеме StroyGazCompany ЖШС тарапынан жүргізіліп жатыр.Әбілмансұр ЖАСАН