Шетел фильмдері қазақша сөйлеуге тиіс
Шетел фильмдері қазақша сөйлеуге тиіс
796
оқылды

«Кинематография туралы» заңға фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде мемлекеттік тілде дубляждау талабы енгізіледі. Бұған дейін қатаң талап болмады, субтитрмен бере салуға да рұқсат етіледі. Елге әкелінетін АҚШ-тың Голливудының және өз­ге ел­дердің киноөнімдері негізінен орыс тілінде көрсетіліп жүр.

Мәдениет және спорт министрлігі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында «Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Түзетулер «міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге» бағытталған. Сондай-ақ сөз­дердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, дұрыс құрастырылуын, айтылуын қамтамасыз ететін нормалар қа­былданды. Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкіл­дерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Ол 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кине­матографияның кинокомиссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бөлігіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Айта кетейік, бүгінде қазақ тіліндегі 35-тен астам фильм прокатқа шығып, оған демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлді. Заң жобасы алдағы қазан айында Үкіметте қаралады. Содан кейін желтоқсанда Мәжіліс қа­рауына жіберіледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы заңды қабылдау жоспарланып отыр.

Елдос СЕНБАЙ