«Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіров – есімі тарихта алтын әріппен жазылған жерлестеріміз. Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл және Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толды. Осы даталар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай суретші Сәкен Дәулетбаев қалаға мурал суреттерін тарту етті», – деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.
Әлихан Бөкейханов бейнеленген үйдің ауласындағы балалар алаңы қайта жөндеуден өткен.