17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
117
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке күшейіп, екпіні күндіз басым бөлігінде 15-20,  23-28 м/с болады деп күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20м/с, оңтүстігінде 25 м/с-ке күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түнде және Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, күндіз орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының орталығы мен батысында, күндіз орталығы мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке күшейіп, шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды облысының батысы, солтүстігінде және орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі әлі де сақталады.