Ұжымның 75%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салғызды
Ұжымның 75%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салғызған қазақстандықтар арасында «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкер­лері­нің үлесі басым. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор ком­па­нияларында еңбек ететін 203 853 қызметкер вакцинаның бірін­ші компонентін салғызды. Бұл Қорға қарасты компа­ния­лардағы қызметкерлер мен жұмысшылардың 74,5%-ын құрай­ды. Ал 182 272 қызметкер, яғни тұтас ұжымның 66,6%-ы вак­ци­наның екі компонентін де салғызды. Вакцина салғызу заңға сәй­кес ерікті түрде жүргізіледі, жұмысшының толық келісімі алы­нады. Бұл туралы Қордың корпоративтік басқару және әлеу­меттік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұх­тар Манкеев брифингте хабарлады.  

«Самұрық-Қазынаның» порт­фе­льдік компаниялары көп­те­ген салада қызмет етеді, олардың тұ­рақ­ты әрі мүлтіксіз жұмыс істеуі Қа­зақстан экономикасы үшін өте маңызды. Сондықтан жұмыс­шы­лар­дың вакцина алуы олардың ден­саулығын сақтаумен қатар, ел эко­номикасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыруға ықпа­лын тигізеді», – деді Мұхтар Манкеев.   Бүгінде портфельдік компания­лар­да вакцина салу жақсы жолға қойыл­ған. Өндірістік нысандарға вак­цина салатын арнайы жыл­жы­малы топ барып, егу шарасын жүр­гі­зеді. Әр жұмысшыға елімізде ма­құлданған вакцина түрі ұсы­ны­лады. Қорда COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб құрылып, пандемияға қарсы жаңа іс-шаралар әзірлеп, вакцина салуға ынталандыру тетіктері ұсынылған. «Мемлекет басшысының вак­ци­на салу қажеттілігі жөніндегі тап­сырмасына сәйкес, 270 мыңнан астам қызметкері бар «Самұрық-Қазына» қоры ұжымдық иммунитет қа­лыптастыруға белсенді атса­лыс­ты. Әлеуметтік желілер, салалық бұқаралық ақпарат құралдары мен бейнероликтер арқылы тұрақты тү­сіндіру жұмысы жүргізіледі. #менекпеалдым #явакцинировался челленджі ұйымдастырылып, бар­лық компанияның басшылығы вак­­цина салғызып, үлгі көрсетті», – деді Мұхтар Манкеев. Оның айтуынша, Мемлекет бас­шысының тапсырмасын орын­дау аясында халыққа вакцина пре­парат­тарын қолжетімді ету үшін Қор Біріккен Араб Әмірлігі шығар­ған Hayat-Vax вакцинасының 1 млн до­засын сатып алуға қаржы бөлді. Оны биыл мамыр айында «СҚ-Фар­мация» кәсіпорны жеткізіп, Ден­саулық сақтау министрлігі же­лісі арқылы таратты. Қор компанияларының тобын­да қызметкерлерді коронавирусқа қар­сы екпе алуға ынталандыру үшін жыл сайын ақылы еңбек де­малысына қосымша демалыс күн­дерін қосу, кезектен тыс ақылы де­малыс күнін беру, вакцина сал­ғызған қызметкерлер арасында ұтыс ойындарын ұйымдастыру сияқ­ты шаралар қолға алынған. Ал Қор­дың ресми сайтында вакцина сал­ғызған қызметкерлер санын көр­сететін есептеуіш орналас­тырыл­­ған. Вакцина салғызғандар санын ұлғайту мақсатында қосымша іс-ша­раларды жүзеге асыру да көз­деліп отыр. Соның ішінде пси­хо­логтермен, қоғам белсенділерімен, ме­дицина қызметкерлерімен кез­десулер, ланч-бокстар ұйымдас­тыру сияқты іс-шаралар жоспар­лан­ған.  Бұдан бөлек, «Самұрық-Қа­зына» АҚ  еліміздегі вокзалдар мен пойыздарда да вакцина са­ла­тын қосын ашуды көздеп отыр.

Алтынбек ТОЛЫМБЕКОВ, Нұр-Сұлтан қаласы