Степногорскте 58 саяжай өртеніп кетті
Степногорскте 58 саяжай өртеніп кетті
149
оқылды

Өртенген аумақтың жалпы аумағы 3,5 гектарды құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Тілсіз жау саяжайлар тұтастай отқа оранған. Өрт өзенге қарай кетті. Өрт қаланың телемұнарасы жағынан басталып, желмен саяжайларға қарай шарпыды. Өкінішке орай бұл кезде өрт сөндірушілер Первомайка және Қырыққұдық ауылының маңындағы дала өртін сөндірумен айналысып жатқан. Өрттің аумағы анықталған соң барлық өрт сөндірушілер осында жиналды. Алайда қатты желдің салдарынан өртті сөндіру іс жүзінде мүмкін болмады», - дейді step.news инстаграм паблигінде.    width= Ал Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Степногорск қаласындағы «Вавилов» саяжай массиві аумағында құрғақ шөптің тұтанғанынан өрт шыққанын мәлімдеді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 гектар аумақта құрғақ далада шөп өртенген. «Өрттен 58 саяжай учаскесі өртенген. Оның ішінде үшеуі тұрғын үйлер болып шықты. Жалпы аумағы 3,5 гектар саяжай алқабын өрт шалды. Тілсіз жау кешкі 20.45-те ауыздықталып, 22.00-де толықтай сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 34 өрт сөндірушісі мен 4 техникасы, сондай-ақ, «ЕПК», «Қазақалтын» акционерлік қоғамдарының, «Мани» және Степногорск су арнасының қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы