Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты
©akorda.kz
218
оқылды

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты,- деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дәстүрлі қонақжайлылығы мен Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді, сондай-ақ, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиді туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы биыл ұйым үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы Декларация қабылданғанын атап өтті. Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының еуразиялық кеңістіктегі халықтардың қауіпсіздігі мен өсіп-өркендеу жолындағы тиімді ынтымақтастыққа деген ұжымдық ерік-жігерін бүкіл әлемге танытқанын айтты.
– Ортақ күш-жігердің арқасында ШЫҰ әлемдегі табысты әрі беделді өңірлік бірлестікке айналды. Аталған ұйым жауапкершілік тұрғысынан зор демографиялық, қаржылық, шикізат ресурстарына, сондай-ақ, қуатты технологиялық әлеуетіне сүйенеді. Ауқымды нормативтік-құқықтық базасы қалыптасып, барлық деңгейдегі ықпалдастықтың тиімді тетіктері жолға қойылған. Ұйымның халықаралық байланыстары жылдам кеңейіп келеді. Үндістан мен Пәкістанның қосылуы ШЫҰ-ның күшеюіне ықпал етіп, оның жұмысына трансеуразиялық сипат бергені сөзсіз. Иранды толыққанды мүшелікке қабылдау рәсімінің басталғаны туралы шешім, сонымен қатар, Мысыр, Сауд Арабиясы және Қатар елдеріне диалог бойынша серіктестер мәртебесінің ұсынылуы Ұйымның Таяу Шығыстағы беделін одан әрі арттыра түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
[caption id="attachment_161714" align="alignnone" width="1200"]Тоқаев ©akorda.kz[/caption] Мемлекет басшысының айтуынша, мұның бәрі «Шанхай рухы» ынтымақтастығының өзектілігін және бірегейлігін нақтылай түседі.
– Бұл – халықтардың «құқық күштінің жағында» дегенді жоққа шығаратын, теңқұқықты ынтымақтастыққа және жаһандық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселе бойынша тиімді ықпалдастыққа негізделген ұжымдық рух. Бірлікті көздейтін осы рух дамудың түрлі моделіндегі және әлемдегі ахуалға қатысты негізгі мәселелер жөнінде әртүрлі көзқарас ұстанатын елдерді ұйыстырады. Сонымен қатар, ол ортақ игілік үшін бірлесе жұмыс істеуге, халықтардың тарихи және саяси дәстүріне, олардың тұрмыс-салты мен менталитетіне қарамастан, жасанды стандарттар мен критерийлерді тықпалауға қарсы шығуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ әрдайым ашық әрі транспарентті құрылым болып қала береді деп санайды. Оның қызметі өзге елдердің мүддесіне қарсы бағытталмаған. Қазіргі уақытта Ұйым дамудың мүлде жаңа кезеңіне аяқ басқалы отыр. Бұл қадам халықаралық жүйенің ауқымды өзгерістерімен тұспа-тұс келеді.
– Әлемдегі деструктивті үдерістер коронавирус пандемиясы басталғалы бері күшейе түсті. Бұл жер шарындағы адамдардың денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, әлемдік экономикалық және саяси жүйенің негізіне зиянын тигізді. Ауғанстандағы кезекті жағдай көптеген елді, ең алдымен, көршілес мемлекеттерді жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырып, өңірдегі ахуалды бірден өзгертіп жіберді. Мұндай жағдайда біз жаһандық өзгерістерге жақсылап дайындалуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
 />

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының маңызды бағыттары жөнінде өз ой-пікірін ортаға салды. Оның пікірінше, қазіргі кезде өңірлік қауіпсіздік мәселесі өте өзекті болып отыр.
<blockquote>– Бұл сала бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгені қуанышты жайт. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер  ынтымақтастығының терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдар жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Аталған бағдарламаны бүгін бекітеміз. Сонымен қатар терроризм мен экстремизмді қаржыландырушы заңсыз есірткі айналымы мен есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін бірлескен іс-қимылдарды жалғастыруға дайынбыз. Соңғы жылдары киберқауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға шықты. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ШЫҰ Орталығының тезірек құрылуы маңызды мәселелерге толық жауап береді және Ұйымның ақпараттық кеңістігінің қорғалуын күшейте түседі. Экономикалық саладағы трансұлттық қылмыстар өткір проблема болып табылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.</blockquote>
Мемлекет басшысы бүкіл әлемде және Душанбедегі саммит алаңдарында кеңінен талқыланып жатқан ауған мәселесіне арнайы тоқталды.
<blockquote>– Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды. Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор  ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін  белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді, – деді Президент.</blockquote>
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
<blockquote>– Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға  халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық «хабын» ұйымдастыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.</blockquote>
<img src=