Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
© 24.kz
216
оқылды
"Қазгидромет" РМК 18-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Солтүстік суық антициклон жауын-шашынның тоқтатылуына және ауа температурасының батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында төмендеуіне әкеледі. Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа-райы сақталып, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 градус аяз – 10 градус жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін; шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылуға дейін. Ал республиканың оңтүстігінде: түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылу болады", - делінген хабарламада.