Жамбыл облысы жол-көлік оқиғалары бойынша жылда еліміз бойынша көш бастайтыны белгілі. Биылғы жылдың 8 айының өзінде өңірде 700-ден аса жол апаты тіркеліп отыр. Оның 133-і адам өлімімен аяқталған.
Жол-көлік оқиғаларының 98 пайызы жүргізушілердің кесірінен орын алатын көрінеді. Сондықтан облыстық Полиция департаменті «Сенің үйіңде жақындарың күтіп отыр!», «Жылдамдық өміріңнен артық емес!», «Жүргізуші, жол ережелерін сақта!» деген сынды ұранды ескертулерін жасауда.
Бұдан бөлек ай басынан бері Тараз қаласына «Сергек» бейнебақылау камералары қойыла бастады. Жергілікті билік осылайша жол-көлік оқиғаларын азайтамыз деп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, апта басында тараздық жүргізуші аялдамада тұрған төрт тұрғынды қағып кетіп, нәтижесінде екі адам оқиға орнында көз жұмған болатын.