ШҚО-ға өзге қалалардан келген 8 адам ұсталды
ШҚО-ға өзге қалалардан келген 8 адам ұсталды
199
оқылды
Шығыс Қазақстанда арнайы операция барысында өңірге есірткіні қойып кету үшін өзге қаладан келген 8 адам ұсталды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша,  1-15 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері прокуратураның ұйымдастыруымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының назарына басқа қалалардан келген бірқатар азамат ілікті, кейін анықталғандай, олар синтетикалық ұнтақты тарату арнасын құру үшін облыс орталығына арнайы келген. Олардың барлығы назарға ілікпеу үшін тек түнгі уақытта жұмыс істеген. Олар біздің елден тыс жерде орналасқан интернет-дүкеннің бірінің әкімшісінің нұсқауларын нақты орындап отырған. Алайда өздерінің қылмыстық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтара алмады. Жарты айдан аз уақыт ішінде полиция қызметкерлері олардың әрқайсысына оларды қолға түсіруге негіз болған қажетті дәлелдемелер базасын жинады. Қаскөйлерді ұстау операциясы жалға алған пәтерлер мен олар есірткіні қойып кету барысында да жүргізілді. Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының тұрғындарынан құраған 8 наркокурьерден синтетикалық есірткінің бір мың дозаға тең аса ірі көлемі тәркіленді. Ұсталғандардың арасында колледждердің бірінің оқушысы-  кәмелетке толмаған бала да болған. Қалғандарының жасы 23-тен 30 жасқа дейін болған.
«Соттың санкциясымен ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 296, 297-баптары бойынша сараланады, тиісінше олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.