"Қазгидромет" РМК 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.