Путинцева жартылай финалға өтті
Путинцева жартылай финалға өтті
211
оқылды

Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан Порторож жары­сы­ның жартылай финалына шықты.

Әлемнің қырық төртінші, осы турнирдің 2-ракеткасы Ю.Путинцева ширек финалда рейтингте 167-сатыда тұрған италиялық Лючия Брон­цеттимен кездесті. Отандасымыз 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 24 минутқа созылған кездесуде Ю.Путинцева 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 брейк-пойнтты өз есебіне жазды. Ю.Путинцева жүлде қоры 190 мың АҚШ долларына жуықтайтын доданың финалына шығу үшін әлемнің қырқыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы, румын Сорана Кырстя немесе рейтингте 87-орында тұрған италиялық Ясмин Паолинидің біреуімен кездеседі.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ