Елордадағы үйлердің бірінде ер адам подъезд есігі мен бірнеше көліктің терезесін қиратқан. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғынның мас болғанын хабарлады.
Оқиға туралы хабарлама полицияға 18 қыркүйек сағат 00.18-де түскен.
"Ер адам әріптестерімен отырып ішімдік ішкеннен кейін подъезге шыққан. Ол кіреберісте тұрған самокатты алып, есік-терезені қирата бастайды. Одан кейін далаға шығып, үйдің алдында тұрған көліктердің әйнегін самокатпен сындырды", - деп хабарлады полиция.
Белгілі болғандай, жалдамалы пәтердегі отырыста жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.
Тәртіп бұзғандардың барлығы полицияға жеткізілді.