Атырау облысында 28 адам суға батып кеткен

Атырау облысында 28 адам суға батып кеткен

Атырау облысында су айдындарына 28 адам батып кетті, – деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті​ азаматтық қорғаныс басқармасы.

«Су айдындарынан балық аулауға барушылар, жағалауда демалушылар арасында суға кету деректері азаймай отыр. Өйткені, тұрғындар арнайы жабдықталмаған орындарда шомылады. Мәселен, Махамбет ауданында – 19, Атырау қаласының аумағында – 17, Қызылқоғада – 15, Индерде – 10, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында 2 қауіпті учаске бар. Биылғы шомылу маусымында қауіпті учаскелерде 28 адам суға батып кетті. Оның ішінде 10 бала бар» – дейді Бақыт Абланов.