Нұр-Сұлтанда жалпыхалықтық сенбілік өтті
Нұр-Сұлтанда жалпыхалықтық сенбілік өтті
463
оқылды

Кеше елордада World Cleanup day 2021 дүниежүзілік тазалық күні және «Birge – taza Qazaqstan» республикалық экобастамасы аясында санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып, жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз орталығы.

Шараға 87 мемлекеттік орган, 17 елшілік ұжымы, сондай-ақ 2,5 мыңнан астам кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. Барлық ауданда жалпы көлемі 3 млн шаршы метр болатын саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 3 мыңға жуық ағаш отырғызылды, оның ішінде – қызыл тал, татар үйеңкісі, шырша, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен жидегі, бөріқарақат, жөке және басқалар бар.
«Өткенге көз салып өтейік. Ең алғашқы сенбілікке біз 1997 жылы, жаңа астанаға көшкенде қатыстық. Бүгінге дейін біздің қызметкерлер осындай іс-шараларға қатысып, өзгелермен араласуға, таза ауада уақыт өткізуге атсалысып келеді. Отбасылар ағаш отырғызады. Сенбіліктер бізді ұйымшыл команда етуге септігін тигізеді. Елордамыздың дамуына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», – деді Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, ПА кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғани Тілеубеков.