Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық мергендер 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан.
Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты. Командалар арасынан Кувейт құрамасы ғана жүлдесіз қалды.