Қазақстанда инсультті 10 минутта анықтайтын жоба іске қосылды
Қазақстанда инсультті 10 минутта анықтайтын жоба іске қосылды
Фото: inform.kz
331
оқылды

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жоба диагнозды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Небәрі 10 минутта диагноз қойып, аурудың алдын алуға болады.

«Алматы қаласынан Нейрохирургия орталығының жетекшісі Мыңжылқы Бердіходжаева, Нұр-Сұлтан қаласынан қазақстандық нейрохирургия орталығының төрағасы Азат Шпеков келіп, 11 ота жасады. Жоғары технологиялы операцияға жергілікті нейрохирургтар қатысып, тәжірибе жинады», – деді басқарма өкілі.

Бұған дейін жаңа туған сәбидің жүрегіне ота жасап, аман алып қалған дәрігерлер  туралы жазған болатынбыз.