Қазақстанда кім көп жалақы алады?
Қазақстанда кім көп жалақы алады?
Фото: ehonews.kz
326
оқылды

Орталықтың дерегінше, ең жоғары жалақыны «5В074300 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» бағытын бітірген түлектер алады. Яғни, 1 миллион теңгеден астам.

Содан кейін орында «5B070800 Мұнай-газ ісі» (338,4 мың теңге), «5В071500 Теңіз техникасы және технологиялары» (298,7 мың), «5B070700 Тау-кен ісі» (276,1 мың), «5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (257,4 мың), «5B100200 Ақпараттық технологиялар жүйесі» (268,5 мың) мамандықтары бар. Магистрлер арасында ең жоғары жалақыны «6М052000 Іскерлік әкімшілікті» (614,8 мың теңге) тәмамдағандар алады. Сондай-ақ, «6М051400 Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «6М070700 Тау-кен ісі» (391,6 мың), «6М070800 Мұнай-газ ісі» (386 мың теңге), «6M070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (374,7 мың теңге) мамандары алады.

Бұған дейін келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері көбейетінін жазған болатынбыз.