Үсік, жаңбыр, жел: алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Үсік, жаңбыр, жел: алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: progorodsamara.ru
516
оқылды

Батыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігі мен шығысында жел соғады. Аздаған жауын-шашын болады. Ауа температурасы елдің батысында түнде 3-17, күндіз 12-28 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылы, кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.

Орталықта және шығыста түнде 0-5 жылы, 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 градус жылы болады.