Үйінде қару жасаған ер адам ұсталды
Үйінде қару жасаған ер адам ұсталды
399
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен тұрғын үйде тінту жүргізді. 56 жастағы ер адамның үйі мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді.  width= Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондар мен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ, қарудың әртүрлі компоненттері бар. Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.  width= ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.