5 жылда қандай мамандар жұмыс таппай қалуы мүмкін?
5 жылда қандай мамандар жұмыс таппай қалуы мүмкін?
Фото: Ratatum.com
289
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамынша, алдағы бес жылда Қазақстанда күзетшілерге сұраныс артып, кредит сарапшыларына сұраныс азаятын болады. Сонымен бірге ведомствоның болжамы бойынша, 2021-2025 жылдары жалдамалы еңбекке сұраныс 1 млн. бос жұмыс орнына дейін артады. 2021 жылы жалдамалы жұмысшылар үшін 156,6 мың бос жұмыс орны болса, 2022 жылы - 189,7 мың, 2023 жылы – 220,1 мың, 2024 жылы – 227,7 мың, 2025 жылы – 244,2 мың бос жұмыс орны болады.

Қандай мамандарға сұраныс артады?

Сонымен бірге, күзетшілерге, инкассаторларға және олармен байланысты мамандықтарға сұраныс артады. 2025 жылы 2020 жылға қарағанда 55,3 мың адамға артық қажет болады. Небәрі төрт жылдың ішінде тағы 260,5 мың жұмыс орны босайды. Есепшілерге деген сұраныс артпақ – 42,8 мыңнан 359,2 мыңға дейін бос жұмыс орны көбейеді. Сұраныс артып отырған мамандықтар тізімінде дүкен сатушылары, жүргізушілер, мал бағушылар мен өсімдік өсірушілер, қоғамдық және жаратылыстану мұғалімдері, күзетшілер, медициналық қызметкерлер, шаштараздар, тазалаушылар және басқалар бар.

Қандай мамандар қысқарады?

Ведомствоның болжамы бойынша, құрылыс материалдарын шығаратын жұмысшыларға сұраныс айтарлықтай төмендейді. Бос жұмыс орындарының саны 22,8 мыңнан 2,4 мыңға дейін қысқарады, жалпы бейіндегі қаржы сарапшыларына да сұраныс азаяды. 2025 жылға қарай барлығы 1,5 мың бос жұмыс орны қалуы мүмкін. Кредит сарапшыларына да қызығушылық 200 адамға – 21,6 мың адамға дейін қысқаратын болады. Сондай ақ, кассирлер, режиссерлер, шикі мұнай мен табиғи газды бұрғылау инженерлері, интерактивті дизайнерлер және басқа мамандарға қызығушылық төмендейді.