«Сағат 19:58-де 102 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, «Шашлыков» дәмханасында ер адамдың жағдайы күрт нашарлап, түрі бозарып бара жатқандығын айтқан. Сонымен бірге ол ер адамды өз көлігімен аурухана алып кеткендігін, жолда оларды жедел жәрдем бригадасы күтіп алуын сұраған», - делінген ақпаратта.Алайда, кейбір басылымдар мен әлеуметтік желі қолданушылар жедел жәрдем қызметінің шақыру бойынша келмегенін айтып, сынауда.
«Қалада тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз ғана диспетчерлік бекет бар. Онда сағат 19:10 және 20:00 аралығында 103 нөміріне 13 рет қоңырау шалынған. Диспетчер қоңырауды тіркеді, бірақ, бригада жолға шыққан жоқ. Өйткені, 20:00-де ауруханадан хабарласып, ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.
А.Токанов