Алматыдағы атыс: 5 адам көз жұмған оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді
Алматыдағы атыс: 5 адам көз жұмған оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді
© inform.kz
503
оқылды
Алматыдағы жекеменшік тұрғын үйден тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру кезінде атыс болды, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Алдымен “Ақбұлақ” шағынауданында атыс болғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды.
"Алматының Алатау ауданындағы “Ақбұлақ” шағынауданында 17.00-де атыс болды. Үйден көшіріп шығару кезінде 1978 жылғы осы үйдің тұрғыны жанжал шығарып, атыс қаруынан сот орындаушыларды, учаскелік полиция инспекторларын,  ТЖД қызметкерлеріне оқ атты", – делінген хабарламада.
5 адам, соның ішінде екі полиция қызметкері жарақаттанып, көз жұмды.
"Күдікті залалсыздандырылды және ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады полициядан.
Қаза тапқан полиция қызметкерлері: Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған. Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған.