Ақмола облысының Көкшетау қаласында ТЖМ қызметкерлері 2011 жылы туған баланың саусағына кептеліп қалған металл сақинаны алуға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен сақинаны абайлап шешіп алды. Балаға көмек жедел әрі қауіпсіз көрсетілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: өлшемі сәйкес келмейтін әшекейлер саусақты қысып, қан айналымының бұзылуына әкелуі мүмкін. Саусаққа кептеліп қалған сақинаны күшпен шешуге тырыспаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
