Жамбыл облысында “жеңгетайлар” ұсталды
Жамбыл облысында “жеңгетайлар” ұсталды
278
оқылды
Жамбыл облысында “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рейдтің бірінші күні Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан, притонды ұйымдастырған 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. “Жеңгетай” санаты бойынша бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды.