Алматыдағы атыс: үйдің жаңа иесінің қарындасы аман қалған
Алматыдағы атыс: үйдің жаңа иесінің қарындасы аман қалған
Фото Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев
315
оқылды

Алматыда болған атыстан кейін оқиғаға куә болған куәгерлер мән-жайды баяндап берді. 

Оқиға Алматының Ақбұлақ шағын ауданында болған. Алматы тұрғыны Дінмұхамед Омаров 20 қыркүйекте түстен кейін өз кеңсесінен алыс емес жерде бірнеше рет оқ атылғанын естігенін айтады. Ол әріптестерімен бірге далаға жүгіріп шыққан.
"Біздің кеңсеміз қайғылы оқиға болған жерден бір-екі үйден кейін орналасқан. Біз кабинетте отырдық және 17.00-де 3 рет оқ атылғанын естідік, содан соң бір минут өткен соң тағы 4 рет оқ атылғанын байқадық. Оған аса мән бермей отыр едік, алайда қыздың айқайлаған дауысын естіп қалдық. Далаға жүгіріп шығып, жылаған қызды көрдік. "Ағамды өлтірді, ағамды өлтірді" деп айғайлап жатты ол. Біз не болғанын сұрадық. Ол қатты жылап тұрды, сондықтан басында ештеңе түсіндіріп айта алмады. Біраздан соң оның айтуымен оқиға болған жерде үш адам көз жұмғанын түсіндік. Айтуынша, осы үйді ағасымен бірге алуға келген. Олармен бірге сот орындаушы және екі полицей болған. Қыз ішке кірмеген. Қоршаудың сыртында тұрған. Ішке 5 адам кіріп кеткен. Барлығы оққа ұшқан. Ол осы сәтте біз жаққа қарай жүгіріп шығып, көмек сұраған. Солай аман қалған", – дейді ол.
Омаровтың айтуынша, содан соң полиция жасағы оқиға орнына дереу жеткен.  Олар көшені екі жағынан қоршауға алып, үйге ешкімді кіргізбеген.