Алматыдағы атыс: 5 адамның өліміне не себеп?
Алматыдағы атыс: 5 адамның өліміне не себеп?
Фотоколлаж © Aikyn.kz
363
оқылды
"Сот кабинеті" сервисіндегі мәліметтер бойынша екі ЖШС "БанкЦентрКредит" алдындағы берешегін өтей алмаған. 2014 жылы желтоқсан айында сот шешіміне сай, Игорь Дужнов пен Анаида Демирчяннен банкілік займ жөніндегі екі келісімшарт бойынша 118,1 млн теңге және мемлекеттік баж төлемі бойынша шығындарды өтеуге 3,5 млн теңге төлеу талап етіледі. Осылайша барлығы 121,7 миллион теңгені құрайды.  [caption id="attachment_162261" align="alignnone" width="800"] width= Фото Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев[/caption] Журналист Михаил Козачковтың мәліметтеріне сүйенсек, несие сұлулық салонын ашу мақсатында алынған. Ол үшін Анаида Демирчян Алматыдағы бірнеше жылжымайтын мүлкін кепілдікке қойған. Бірі — Бағанашыл ықшамауданындағы тұрғын үйге жатпайтын құрылыстар мен жер учаскесі. Екіншісі — Ақбұлақ ықшам ауданындағы тұрғын үй мен жер учаскесі. Айта кетейік, тұрғын үйдің ауданы 224,3 шаршы метрді құрайды. 2017 жылы Игорь Дужновтың Бағанашылдағы мүлкін БанкЦентрКредит саудаға шығарады да, сол банкінің өзі 96 миллион теңгеге сатып алғаны анықталады. 184,6 млн теңгенің мүлкін 88,6 млн теңгеге арзан алады.  [caption id="attachment_162260" align="aligncenter" width="584"] width= Сот хаттамасынан үзінді. © kozachkov offside[/caption] Сонымен қатар банк 2018 жылы Ақбұлақ ықшам ауданындағы тұрғын үйді учаскесімен бірге Нұрахмет Тұрғанов есімді азаматқа 29 млн теңгеге сатып жібереді. Алайда кейін сот бұл шешімін жояды. Бұл жағдайды сот былай деп түсіндіреді: 
"Өндіріп алушы сот арқылы құны 29 млн теңгеден сәл асатын кепілде тұрған үйді өз меншігіне алғысы келеді. Сондай-ақ Игорь Дужновтың отбасын жалғыз баспанасынан айыруды көздейді. Қалай болғанда да өндіріп алушы электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама негізінде борышкердің нақты құны 184,6 миллион теңгелік өтімді меншігінің иесі атанады. Өйткені ол саудаға қатысып, екі есе бағаға сатып ала алды". 
2019 жылы сот шешімі бойынша мүлік банк меншігіне қайта өтеді. Алайда банк мүлікті иелену құқығын Нұрахмет Тұрғановқа береді. Бұдан кейін 2021 жылдың мамырында Игорь Дужнов тағы да сот көмегіне жүгінеді. Алайда сот Ақбұлақ ықшам ауданындағы үйдің бұрынғы иесі мен отбасын үйді босатуы қажет туралы шешім шығарады.  Қысқаша айтқанда, банк мүлікті Нұрахмет Тұрғановқа сатып жібереді. Тұрғын үйдің жаңа иесі сот шешімі арқылы бұрынғы иелерін үйден қуып шықпақ болады.  [caption id="attachment_162267" align="alignnone" width="740"] width= Ақбұлақ ықшам ауданындағы дауланған үй. Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев[/caption] Журналист Михаил Козачковтың тағы бір мәліметтерінде 2012 жылы Дужновтың алаяқтардың арбауына түсіп қалғаны айтылады. Банкіден алған несиесінің мерзімін ұзартпақ болып, Ханзира Темірбекова есімді алаяқ заңгердің көмегіне жүгінеді. Сөйтіп, арада екі жыл өткенде банк алдындағы берешек проценті үсті-үстіне қосылып, үстемеақы еселеп артады. Міне, содан бері, яғни 2014 жылдан бастау алатын сот қарауының соңы қайғылы оқиғамен аяқталады.  Бір қызығы, Темірбековаға қатысты сот алдында жауап берген Дужновтың айтуынша, қолда бар активтерін 2012 жылы нарықтағы бағаға сай 3 миллион долларға сата алатын мүмкіндігі болған екен. Алайда ол ақшасын алаяқтарға сеніп тапсырып, күйіп кетіп отыр. Себебі берешекке байланысты банкінің үстемеақысы өсіп кеткен.  [caption id="attachment_162271" align="alignnone" width="750"] width= Фото: kaz.nur.kz[/caption] Темірбекова өзінің 23 түрлі алаяқтық әрекеті үшін 5,5 жылға сотталған екен. Ал Дужнов кемі 20-25 жылға бас бостандығынан айырылатын сыңайлы.  Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алматы қаласы Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында атыс болды. Күдікті Игорь Дужнов сот шешімін орындауға келген сот орындаушысы мен учаскелік полицейлер және төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ жаудырды. [caption id="attachment_162270" align="alignnone" width="750"] width= Фото Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Оқыс оқиғадан 1982 және 1988 жылғы екі учаскелік полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгер ретінде барған досы қайтыс болды.  Ақбұлақ ықшамауданында болған атысқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалды: бірі – "Адам өлтіру", екіншісі – "Билік өкіліне күш қолдану". Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады. БанкЦентрКредит сот шешімдеріне қатысты түсініктеме беріп, қайғылы оқиғадан қаза тапқан және жапа шеккендерге жан-жақты көмек көрсететінін мәлім етті