Алматының Медеу ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп жазады Sputnik.kz.
Hyundai Accent көлігі жоғары жылдамдықпен Коперник көшесімен келе жатып, бұрылыста бордюрге шығып кетіп, ағашқа соғылды.
Қатты соққыдан көлік бірнеше рет айналған. Сол кезде маңайдағы тротуарда жаяу жүргіншілер болмаған.
Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Алдыңғы орында отырған жолаушы жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.