Парламентаралық Ассамблеядағы өкілетті өкілін бекітті
Парламентаралық Ассамблеядағы өкілетті өкілін бекітті
© lenta.inform.kz
207
оқылды

Мәжіліс және Сенат бюросы өз отырыстарында ТМД-ның Парламентаралық Ассам­блея­сындағы өкілетті өкілі лауазымына Игорь Мұсалимов­тың кандидатурасын бекітті.

Игорь Мұсалимов дипломатиялық жұмыста тәжірибесі мол, Қазақстанның Беларусь, Литва, Чехия, Грузия, Молдовадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеген. 2019 жылғы маусымнан бері Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі. Айта кету керек, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамына кіретін әрбір Парламент ТМД ПАА Кеңесінің хатшылығына тұрақты негізде жұмыс істейтін өзінің өкілетті өкілін жібереді.